"Құстар қайтқанда" күзгі бал » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7728 96-9-53 Қабылдау бөлімі :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2022

"Құстар қайтқанда" күзгі бал

«Құстар қайтқанда» күзгі бал кеші



 

І-жүргізуші:









ІІ-жүргізуші:


 

Текті білу ұрпаққа, біздерге сын,


Құрметтеп ата-баба, салт- дәстүрін


Тыңдайық кезекпен сыныптарды


Құлшынып ортамызға келген бүгін.




Күз мейрам құтты болсын баршаға,


Күздің сәні келіп қапты ортаға.


Әділ-қазы алқалармен таныстырып,


Кетейінші осы отырған баршаңа!


 




Құрметті қонақтар, бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпаздарын анықтайтын әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар:


1.Мектеп директоры -К. Букабаева


2.Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -К. Махмет


3.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары--А. Абдрахмановна


4.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


-Э. Букабаева


5.Музыка пәнінің мұғалімі -Б. Умарова


ІІ-жүргізуші: Күз келіп хан мен ханшайым,


Өткізбек күзгі бал айын.


Ханшайым тапқыр қыз болды,


Ағызар сөйлеп сөз майын.


І-жүргізуші: Ал, ханзада ақылды


Барша жұртты шақырды.


Алдарыңызға бүгінгі ханзада мен ханшайым сайысына сыныптың намысын қорғап шығып отырған, жұптарды шақырайық:


8а сынып ханзадасы мен ханшайымы-


Қибаттала Айқын, Әлібек Нұрай


8б сынып ханзадасы мен ханшайымы-


Әрши Айдын, Жайшибекова Даяна


9а сынып ханзадасы мен ханшайымы-


Шоқан Ильяс, Бекен Альбина


 

9б сынып ханзадасы мен ханшайымы-


Қожахмет Айдар, Оразалы Наргиз


10а сынып ханзадасы мен ханшайымы-


Нұрбай Рауан, Ерболқызы Назкен


10б сынып ханзадасы мен ханшайымы-


Серікбол Нұрсәт, Сұлтан Сабина


І-жүргізуші: Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,


Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.


Ал енді сіздер рұқсат етіңіздер,


Сонымен кешімізді балдық бимен бастайық біз


(музыка әуенімен әр сыныптан 1 жұптан ортаға шығып, вальс билейді)


ІІ-жүргізуші:      Армысың сары алтындай алтын күзім,


Күн нұрын төккендей-ақ жарқын жүзің.


Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,


Алтын күз деп шаттанып тағы және.




І-жүргізуші:


Күз бұл жаз бен қыстың арасындағы көпір. Таң атпай аяз бетімізді тоңыдырса да, далада суық күн тұрса да, білеміз-күз тамаша мезгіл.


ІІ-жүргізуші:


Иә, далада-күз. Ең жомарт кезең, басында қыркүйек айында ол «кемпіршуақ» деп аталады, содан кейін алтын күз келеді, оған ілесе басталған көңілсіз, түнерген күз ақ қарлы қысқа ұласады…


І-жүргізуші:


Олай болса, бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік:


1)Таныстыру (топтың аты, эмблема, қабырға газет)


2)Болмасаң да ұқсап бақ (пародия)


3)Өнерлі өрге жүзер айдары (ән, би, күй)


4)Құстар подюмі (мода 1 ұл және 1 қыз шығады)




І-жүргізуші:         Ал құрметті халайық,


Мерекені бастайық.


Тамашалап, қол соғып,


«Таныстыру» кезеңін бастайық!


 


ІІ-жүргізуші: Қыздары гүлдей құлпырған


Ұлдарының жүрегіне нұр танған.


«Қоқиқаз» тобы салмақты


Сабақтан бір тынбаған




І-жүргізуші: Әрқашан да көңілді


Жақсы көріп өмірді.


Әрбір таңды қуанышпен атырған,


«Тырна» тобын ортаға шақырайық.




ІІ-жүргізуші: «Қараторғай» тобын сұрасаң


Мейірімді деп айтар ем.


Сандуғаш апай мақтаған,


Белсенділер деп, айтар ем.




І-жүргізуші: Айтайыншы жырлап мен, шашып өлең,


Өздері сұлу, жарасар әзілменен.


«Қарлығаш» есте қалар әр қадам да,


Әдемі, білімді, алғыр тобыменен.




ІІ-жүргізуші: Мектепте ең сүйкімді қарасаңдар,


Жүрегінде кең байтақ баласы-бар.


«Аққу» тобымен достассаңдар,


Достығыңды биікке жалғастырар.




І-жүргізуші: Айтайыншы кім қызықпайды              «Бұлбұл» топқа,


Жайнаған, жарқыраған жанарына.


Әрқашан да өнерімен тамсандырған,


Жүрегінде жақсылықтың нұры толған.


ІІ-жүргізуші:


Әділ қазы алқаларынан топтардың тиісті бағаларын беруді сұраймыз. Бірінші болып таныстырған


 

8а сынып білім алушылары «Қоқиқаз тобы»


8б сынып білім алушылары «Тырна» тобы


9а сынып білім алушылары «Қараторғой» тобы


9б сынып білім алушылары «Қарлығаш» тобы


10а сынып білім алушылары «Аққу» тобы


10б сынып білім алушылары «Бұлбұл» тобы




І-жүргізуші: Болмасаң да ұқсап бақ,


Бір ғылымды көрсеңіз.


Ондай болмақ қайда деп,


Айтпа ғылым сүйсеңіз.




Сайысымыздың келесі бөлімі «Пародия». Әншілерге, жарнамаға, киноға пародия жасауға да кезек келді. Сайыскерлеріміз ортаға өнерлерін көрсетсін.


(Сахнада әр топтан пародия қойылады)


Бірінші болып сахна төріне 8а сынып білім алушыларын шақырамыз


Келесі 8б сынып білім алушыларын шақырамыз


Келесі 9а сынып білім алушыларын шақырамыз


Келесі 9б сынып білім алушыларын шақырамыз


Келесі 10а сынып білім алушыларын шақырамыз


Келесі 10б сынып білім алушыларын шақырамыз.




ІІ-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,


Әсем ән мен тәтті күй.


Көңілге түрлі ой салар,


Әнді сүйсең менше сүй-дегендей,


үшінші кезеңіміз «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады.


Бірінші болып өз өнерлерін көрсететін 8а сыныбы.«Қоқиқаз» тобын шақырамыз.


Келесі 8б сынып білім алушылары «Тырна» тобын


Келесі 9а сынып білім алушылары «Қараторғай» тобын


Келесі 9б сынып білім алушылары «Қарлығаш» тобын


Келесі 10а сынып білім алушылары «Аққу» тобын


Келесі 10б сынып білім алушылары «Бұлбұл» тобын


 


І-жүргізуші:


Әділқазы алқаларынан топтардың тиісті бағаларын беруді сұраймыз. Бірінші болып бастаған «Қоқиқаз» тобы


2Тырна» тобы


3Қараторғай» тобы


4Қарлығаш» тобы


5Аққу» тобы


6Бұлбұл» тобы бағаларыңызға рахмет.


ІІ-жүргізуші: Көрсетіп өнер әр салада сайысып,


Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.


Мерекелік сән үлгісін жасапты,


Топтарымыз бармақтары майысып


Келесі сайысымыз Құстар подюмі сыры мен сымбаты жарасқан, сәнқойлардың сән үлгілерін тамашалаңыздар.


І-жүргізуші:


Сахна төріне «Қоқиқаз» тобын шақырамыз


Сахна төріне «Тырна» тобын шақырамыз


Сахна төріне «Қараторғай» тобын шақырамыз


Сахна төріне «Қарлығаш» тобын шақырамыз


Сахна төріне «Аққу» тобын шақырамыз


Сахна төріне «Бұлбұл» тобын шақырамыз




ІІ-жүргізуші:


Әділқазы алқаларынан топтардың тиісті бағаларын беруді сұраймыз.




І-жүргізуші:


Ендігі сәт келді, әділқазылар алқасынан бүгінгі байқауымыздың жеңімпаздарын айтып кетсе, сөз кезегі бүгінгі «Құстар қайтқанда» байқауының төрағасы Букабаева Күлшар Сейдоллақызына беріледі.(марапаттау рәсімі)


ІІ-жүргізуші:


Бүгінгі кеште ханзада мен ханшайымның аттарын анықтасақ, сол үшін әділқазылар алқасынан сөз сұраймыз. Келесі сөз директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кенжегүл Махметқызына беріледі (марапаттау рәсімі)


 

І-жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды.


Бізге берген уақытта тамамдалды.


Келесі кездескенше сау болайық,


Сіздерменен осы жерде қоштасайық.


ІІ-жүргізуші:


Ортамызға қоңыр күз келсе де, күн суытса да, біз барлықтарыңыздың көңіл күйлеріңіздің көтеріңкі болатынына сенеміз.


І. ІІ-жүргізушілер:


Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив