1-қыркүйек "Білім күні" » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7728 96-9-53 Қабылдау бөлімі :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

1-қыркүйек "Білім күні"

Қарашоқы орта мектебі бойынша 2021-2022 оқу жылының басталуына орай Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиынының

 Ж О С П А Р Ы


Мақсаты: «1-қыркүйек Білім күні» үлкен мереке екенін 1-сынып білім алушыларына жеткізе білу, білімге, мектепке құштарлығын ояту, «Әліппе» алғашқы оқулығын салтанатты түрде табыс ету.


  1. Өтетін орны: Мектеп алаңы
  2. Басталуы: 01.09.2021 жылы, сағат 9-00-де
  3. Безендірілуі: қанатты сөздер, түрлі-түсті жалаушалар, шарлар, гүлдер

(Жауапты. Э.Тулемисова, С.Мухалаева, Н.Нурелова, жас мамандар)

  1. Музыкамен безендіру-Б.Умарова
  2. Жүргізушілер: Б.Байқалық, Н.Қалымбет
  3. Сапқа тұрғызу: А.Мендияров
  4. Шақырылатын қонақтар: 

Қарашоқы ауылдық округ әкімі-Д.Акбасова

Кербұлақ аудандық білім бөлімінің уәкілі-


І. К І Р І С П Е    Б Ө Л І М І

     1. Қонақтарды қарсы алу

     2. 1-сынып білім алушыларын музыка ырғағымен ортаға шақыру

     3.«Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиынының ашылуы

     4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады


ІІ. Н Е Г І З Г І     Б Ө Л І М І

1.Құттықтау сөз:

Мектеп директоры                                              -К.Букабаева

Қарашоқы ауылдық округ әкімі                         -Д.Акбасова

Кербұлақ аудандық білім бөлімінің уәкілі-

2.«Ертегі әлемі» қонақтарының қойылымы

3.1-сынып білім алушыларының өлең шумақтарын оқуы

4.«Әліппе» әнін хормен айтады

5. «Алғашқы қоңырау» соғу рәсімі

6. «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиынды жабық деп жариялау


ІІІ. Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы        Б Ө Л І М І


1-сынып білім алушылары «Мектепке саяхат» жасауы

Өту барысы

     Ұйымдастыру кезеңі

Салтанатты жиын өтетін алаңда 2 метрлік әлеуметтік қашықтық белгісі қойылған орындарға қонақтар мен ата-аналарды қарсы алып,  арнайы белгілі қойылған орындарға отырғызу

1-жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар және мектеп табалдырығын атағалы отырған 1-сынып білім алушылардың ата-аналары! Бір жыл бойы қашықтықтан оқыту мен арайлы жаздың үш айын артқа тастап, сағынышпен алтын ұя мектебімізге  «Қош келдіңіздер»

 2-жүргізуші

Биылғы жыл-біз үшін айрықша, ардақты, мерейлі жыл. Себебі тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 30 жыл күллі қазақтың арман- тілегін аспандатқан, бабаларымыздың аңсаған арманы орындалған 30 жыл. Осы мерекемен тұспа тұс мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер, өткенімізді білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын білімді Ұрпақ болады деген сенімдеміз.

1-жүргізуші

Ендеше, ортаға 2021-2022 оқу жылында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай мектеп табалдырығын алғаш атағалы отырған бүлдіршіндерді Алғашқы ұстаздары Мухалаева Сания Қайратқызы және Нурелова Назгүл Болысханқызымен бірге ортаға шақырамыз!

2-жүргізуші

Бүгін қандай шаттық толы күн еді,

          Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

          Балдырған жетектеген ата-ана,

          Қуаныштан жарылардай жүрегі,

          Білім көзін ашатынын біледі.   

           1-жүргізуші

Мереке зор қуаныш-Білім күні,

Сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні

           Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,

           Балдырған, балғын жандар – өмір гүлі

А.Мендияров. Мектеп түзел! Тік Тұр!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы алдында, тік тұрыңдар!

 (Ән «Көк тудың желбірегені»)

Мектеп түзел! Тік Тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн айтуға дайындал.

 (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

-Еркін тұрыңдар!

         2-жүргізуші:

   Құрметті қонақтар ,ұстаздар, ата – аналар!

           Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты 

           жиынды «Ашық» деп жариялаймыз 

1-жүргізуші:

           Бүгінгі мерекенің құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар:

Кербұлақ аудандық білім бөлімінің уәкілі-

            Қарашоқы ауылдық округ әкімі   Акбасова Дина Ерасылқызы

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

             Ұстаз деген әулиедей талайға.

             Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

             Әл–фараби, Омар, Ғалым Абай да, дей келе  сөз кезегі Жаңа оқу 

              жылының басталуымен құттықтау сөз мектеп директоры Букабаева 

             Кульшар Сейдуллақызына беріледі.

             2-жүргізуші

Құттықтау сөз (қонаққа беріледі)

1-жүргізуші

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын! «Білім күнің-мерекең!» деп құттықтау сөз Қарашоқы      ауылдық округ әкімі Акбасова Дина Ерасылқызына беріледі.

 2 жүргізуші кезектесіп сұрайды.

-Балалар сендер  мектепте оқуға дайынсыздар ма?

-Мектеп сендерге не үйретеді?

Сынып бөлмесінде не бар?

(Осы сәтте жылаған баланың дауысы естіледі)

 Бала жылап келе жатады.

-Мен қайда келдім, мына балалар бәрі неге әдемі болып киініп алған? 

Қалам:

Бұл Білім патшалығындағы Мектеп сарайы, Ал Бұлар 1-сынып білім алушылары. Ал, сен неге жылап келе жатырсың?

Бала:

-Мен сабақ оқығым келеді, бірақ ешқандай құралым жоқ

Қалам-: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.

Бала:     Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?

Қалам-:     Мені дәптерге жазады. Жүр,  мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш деген  достарымен таныстырайын.

(Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың  барлығы  алдарынан шыға келеді)

Бала: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы  дос бола алады ?

Дәптер-:     Мен дәптермін. Маған  жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза  жазсаң«Өте жақсы» деген баға аласың

Қарындаш-: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір бала геометриялық пішіндерді  сыза алмайды. Сурет салу үшін де мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін —  мені ұқыпты  ұстамасаң мен ренжимін.

Өшіргіш-:      Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.

Бала: Қандай керемет, менің достарым енді көп, мен мектепке дайынмын. Балалар мен де сендермен бірге оқығым келеді.

Қалам:

-Тоқтаңдар, сендер ең бастысын ұмыттыңдар, Оқу үшін ең алдымен әріптерді үйренуіміз қажет.

(Сол кезде Алғашқы ұстаздары Әліппені алып шығады) 

Ұстаздары- Міне, 6 жылдан кейін, ұзақ жол жүріп, бар қиыншылықты жеңіп ортамызға Әліппе оқулығы келді.

Кел, балалар, көріңдер

Әнмен шуақ төгіңдер

Әріптерді үйретер

Әліппені біліңдер

Ал, Әліппе қош келдің!

Әліппе-:  Мен —  бар кітапқа бас болған А.Байтұрсынов атамыздың әдістемесі негізінде әзірленген Ғылым атасы  -әліппемін.

Мен сендерге 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сендер менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаңдар, озат оқушы атанасыңдар.

 «Ағартушы – ұстазымыз Ы.Алтынсарин туралы білеміз бе? Ол кісінің  «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінен үзінді білеміз бе?

Ал, барлығымыз хормен айтайықшы!

Кел, балалар, оқылық, 

Оқығанды көңілге

 Ықыласпен тоқылық!

-Жарайсыңдар балалар, Әліппе сендерге  өзімен бірге сыйлық алып келді. Сыйлығыңды қабыл алыңдар! А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» оқулығын табыстайық. (Барлық достар сыйлықты ортаға әкеліп балаларға үлестіреді.)

1-жүргізуші:

Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді,

Қуантуға жүректі 

Біз мектепке барамыз

Ендеше сөз кезегін 1 сынып бүлдіршіндеріне берейік. 

2-жүргізуші

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ

Жаңа оқу жылын ашқасын

Күмбірле қоңырау, күмбірле,

Шаттанып күлейік біз бірге

Ендеше 1-сынып білім алушылары үшін «Алғашқы қоңырау» соғылады

(Барлық бала қоңырау соғып айналып шығады.)





1-жүргізуші

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп

Білімнің көзін аша білсең тереңнен

Жетелейді армандарға бұл мектеп 

А.Мендияров

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы алдында, тік тұрыңдар!

 (Ән «Көк тудың желбірегені»)

1 қыркүйек -  Білім күніне арналған «Кел, балалар, оқылық» салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз. 

2-жүргізуші 

Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, бәріміз қошеметпен
 1-сынып білім алушыларын қоңырау үнімен «Мектепке саяхат»  жасау үшін шығарып салайық

(Музыка ырғағымен, қоңырау үнімен мектепке кіреді.)

Қош сау болыңыздар!


10.Оқушылардың мектепке кіруі. 

1 -сынып білім алушыларының  мектепке саяхаты

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив