1 қыркүйек - Білім күні » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7728 96-9-53 Қабылдау бөлімі :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

1 қыркүйек - Білім күні

Қарашоқы орта мектебі бойынша 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған  1 қыркүйек – Білім күні салтанатты жиынының

                                                    Ж О С П А Р Ы


Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.

Міндеттері:

-қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;   

-білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;

-білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту; 

-өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.  

Өтетін орны: Мектеп алаңы

Басталуы: 01.09.2022 жыл, сағат 9-00-де

Безендірілуі:   жалаушалар,  «Білім күні» баннері

(жауапты: 10 сынып жетекшілері К.Мендиярова, Г.Куренбаева)

Музыкамен безендіру: Б.Умарова

Жүргізушілер: Ж.Мұстафаева, С.Тугумбаев

Сапқа тұрғызу: А.Мендияров

Кезекші мұғалімдер: М.Куренбаев,   С.Джексембеков,  С.Батымбетов, Ж.Айтбаев

Шақырылатын қонақтар:

(жауапты 8-сынып білім алушылары және сынып жетекшілері А.Курманбаева, Б.Умарова) 

Кербұлақ аудан әкімі аппаратының басшысы -                       М.Ғабит

Қарашоқы ауылдық округ әкімі                                                -Д.Акбасова

Кербұлақ аудандық   маслихатының депутаты                        -С.Сулейменов,

Жергілікті емхананың бас дәрігері                                           -Қ.Керимкулова

«Балбөбек» бөбек-жай балабақшасының меңгерушісі           -А.Байсұлтанова

«Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы                                       -А.Нұрғалым

Ата-аналар комитетінің төрайымы                                           -Н.Акбаева

Зейнеткер ұстаздар                                                                      К.Темирбекова,        

                                                                                                        К.Бозымбекова

                                                                                                        Ш.Омарова 

                                                                                                        Т.Махытбекова 

                                                                                                        Н.Калиева 

                                                                                                        Т.Думбергенова         

                                                                                                        М.Надбережная

                                                                                                        Р.Батымбетов

                                                                                                        Б.Жантемирова

                                                                                                       К.Салимбаева

                                                                                                        Б.Конысбаева


Қатысушылар:   Мектеп әкімшілігі, 1-11-сынып жетекшілері, 1-11-сынып білім алушылары, 1-сынып  ата-аналары немесе заңды өкілі. 



                                                     І. К І Р І С П Е      Б Ө Л І М І



  1. 2-10 сынып білім алушыларын сапқа тұрғызу
  2. 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып білім алушыларын ортаға шақыру
  3. «1-қыркүйек – Білім күні» салтанатты жиынның ашылуы
  4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізу
  5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау
  6. 1-қыркүйек – Білім күні» салтанатты жиынның жабылуы





ІІ. Н Е Г І З Г І     Б Ө Л І М І


1.Құттықтау сөз:

   Мектеп директоры                                               -К.Букабаева

   Қарашоқы ауылдық округ әкімі                         -Д.Акбасова

   Кербұлақ аудандық білім бөлімінің уәкілі-

2. 1-сынып білім алушыларының өлең шумақтарын оқуы

3.«Ертегі әлемі» қонақтарының қойылымы




ІІІ. Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы        Б Ө Л І М І


1.«Алғашқы қоңырау» соғу рәсімі

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шығару 

3.«1-қыркүйек – Білім күні» салтанатты жиынды «жабық» деп жариялау























Жиынның өтілу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1.Мереке өтетін алаңда әр сыныпты белгіленген орындарға сапқа тұрғызу, салтанатты әуенмен қонақтар мен ата-аналарды қарсы алып,   арнайы белгіленген орындарға отырғызу

2.Білім алушыларды  салтанатты сапқа тұрғызу

1-жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, білім алушылар және мектеп табалдырығын атағалы отырған 1-сынып білім алушыларының ата-аналары! Арайлы жаздың үш айын артқа тастап, сағынышпен алтын ұя мектебімізге   «Қош келдіңіздерІ»

 2-жүргізуші

Өмірдің бейбіт бағы гүл,

Асудан асып асқарлы

Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды.

1-жүргізуші

Биылғы оқу жылында білімнің басты құндылықтарына  басымдылық беріп отыр. Себебі «Жастар рухы» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш басымдық – Терең білім, Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиетті атап өтті. Демек, білім алушылар бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық құндылықтарын дарыту  арқылы өзара құрмет пен түсінікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастастыру негізінде, өткенімізді білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын білімді Ұрпақ тәрбиелеуде баршамыздың міндетіміз ортақ екенін нақты атап өтті.

2-жүргізуші

Биылғы жыл ерекше,

Ұғарсың оның шын мәнін.

Құтты болсын мереке!

Құтты болсын күн бүгін!

1-жүргізуші

Біреулер енші ап өмірден,

Аттанбақ болса асып қыр

Біреулер балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр

Сондықтан да назарды,

Солар жаққа бүгін  бұрайық

Балдырғандарды базарлы

Қарсы алып, қол ұрайық!

1-жүргізуші

Ендеше, ортаға 2022-2023 оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерді алғашқы ұстазы Тулемисова Эльмира Бимұханбетқызы және 11-сынып білім алушыларының қолдауымен ортаға шақырамыз! (арнайы орындықтарға отырғызады)

2-жүргізуші

Бүгін қандай шаттық толы күн еді,

 Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

 Балдырған жетектеген ата-ана,

 Қуаныштан жарылардай жүрегі,

 Білім көзін ашатынын біледі.   

 1-жүргізуші

Мереке зор қуаныш-Білім күні,

Сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні

Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,

Балдырған, балғын жандар – өмір гүлі!



А.Мендияров. Мектеп түзел! Тік Тұр!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы алдында, тік тұрыңдар!

 (Ән «Көк тудың желбірегені»)

Мектеп түзел! Тік Тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн айтуға дайындал. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

-Еркін тұрыңдар!

2-жүргізуші:

 Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата – аналар!

 Алғашқы қоңырауға арналған ««1-қыркүйек – Білім күні» салтанатты жиынды  «Ашық» деп жариялаймыз!

1-жүргізуші:

Бүгінгі мерекенің құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар:

Кербұлақ аудан әкімі аппаратының басшысы- Ғабит Мөлдір Ғабитқызы

Қарашоқы ауылдық округ әкімі - Акбасова Дина Жанасылқызы

2-жүргізуші

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға.

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл–Фараби, Омар, Ғалым Абай да!

Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау сөз мектеп директоры Букабаева Кульшар Сейдуллақызына беріледі.

(Ұстаздарды марапатау сәті)

1-жүргізуші

Құттықтау сөз (қонаққа беріледі)

2-жүргізуші

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын! «Білім күнің-мерекең!» деп құттықтау сөз Қарашоқы     ауылдық округ әкімі Акбасова Дина Ерасылқызына беріледі.

1-жүргізуші:

Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді,

Қуантуға жүректі 

Біз мектепке барамыз

Ендеше сөз кезегін 1 сынып бүлдіршіндеріне берейік. 

(1-сыныптардың өлең шумақтарын айтуы)

 2 жүргізуші кезектесіп сұрайды.

-Балалар сендер  мектепте оқуға дайынсыздар ма?

-Мектеп сендерге не үйретеді?

Сынып бөлмесінде не бар?

(Осы сәтте жылаған баланың дауысы естіледі)

 Бала жылап келе жатады.

-Мен қайда келдім, мына балалар бәрі неге әдемі болып киініп алған? 

Қалам:

Бұл Білім патшалығындағы Мектеп сарайы, Ал Бұлар 1-сынып білім алушылары. Ал, сен неге жылап келе жатырсың?

Бала:

-Мен сабақ оқығым келеді, бірақ ешқандай құралым жоқ

Қалам-: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.

Бала:     Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?

Қалам-:     Мені дәптерге жазады. Жүр,  мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш деген  достарымен таныстырайын.

(Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың  барлығы  алдарынан шыға келеді)

Бала: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы  дос бола алады ?

Дәптер-:     Мен дәптермін. Маған  жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза  жазсаң, «Өте жақсы» деген баға аласың

Қарындаш-: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір бала геометриялық пішіндерді  сыза алмайды. Сурет салу үшін де мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін —  мені ұқыпты  ұстамасаң мен ренжимін.

Өшіргіш-:      Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.

Бала: Қандай керемет, менің достарым енді көп, мен мектепке дайынмын. Балалар мен де сендермен бірге оқығым келеді.

Қалам:

-Тоқтаңдар, сендер ең бастысын ұмыттыңдар, Оқу үшін ең алдымен әріптерді үйренуіміз қажет.

(Сол кезде Алғашқы ұстаздары Әліппені алып шығады) 

Ұстаздары- Міне, 6 жылдан кейін, ұзақ жол жүріп, бар қиыншылықты жеңіп ортамызға Әліппе оқулығы келді.

Кел, балалар, көріңдер

Әнмен шуақ төгіңдер

Әріптерді үйретер

Әліппені біліңдер

Ал, Әліппе қош келдің!

Әліппе-:  Мен —  бар кітапқа бас болған А.Байтұрсынов атамыздың әдістемесі негізінде әзірленген Ғылым атасы  -әліппемін.

Мен сендерге 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сендер менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаңдар, озат оқушы атанасыңдар.

 «Ағартушы – ұстазымыз Ы.Алтынсарин туралы білеміз бе? Ол кісінің  «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінен үзінді білеміз бе?

Ал, барлығымыз хормен айтайықшы!

Кел, балалар, оқылық, 

Оқығанды көңілге

 Ықыласпен тоқылық!

1-жүргізуші 

-Жарайсыңдар балалар, Әліппе сендерге  өзімен бірге сыйлық алып келді. Сыйлығыңды қабыл алыңдар! А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» оқулығын табыстау үшін ортаға 11-сынып білім алушыларын шақырайық! 

(11-сынып білім алушыларының тілектері)

Кеше ғана аттаған,
 Мектеп табалдырығын
 Бүлдіршін едік бастаған
 Ақ бантикті тұлымың
 Иә, кеше, кеше еді,
 Сәби едік балдырған
 Азамат болып көшелі,
 Табылмақпыз сан қырдан
 Сусындап білім нұрына
 Өткеріппіз он жылды
 Қанығып өмір қырына,
 Зердеге түйдік мол сырды.

Оқыған әпке, ағаңыз,
 Қадірлі мектеп – бұл мектеп.
 Сендердей біз де болғанбыз,
 Есейдік, міне, қараңыз.
 Құт болып алғаш қадамың,
 Жағарсың білім шырағын.
 Биылғы жыл ерекше,
 Ұғарсың оның шын мәнін.
 Құттықтап білім күнімен,
 Сыйланар сізге әліппе.
 Бар білімнің бастауы,
 Қадірлеп оны дәріпте.
 Егемен елдің төсінде,
 Шуағын шашсын арай, күн
 Азамат болып өсіңдер,
 Қызыға жұрттар қарайтын.
 (Барлық достар сыйлықты ортаға әкеліп балаларға үлестіреді.)

2-жүргізуші

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ

Жаңа оқу жылын ашқасын

Күмбірле қоңырау, күмбірле,

Шаттанып күлейік біз бірге

1-жүргізуші

Аялар бейбіт күн нұры,

Мектебім, бізге жөргексің.

Алғашқы қоңырау сыңғыры

Ән болып сені тербетсін.

2-жүргізуші
 Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылын ашқасын

Бал үнің сенің сырлы ырғақ

Сыныпқа бізді бастасын

1-жүргізуші
 Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде

Қызмет көрсет халыққа

Шақырып өнер – білімге

2-жүргізуші

1-сынып білім алушылары үшін «Алғашқы қоңырау» соғуға оратаға 11-сынып білім алушылары мен мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді шақырамыз!

(11-сыныпта бір ұл, бір қыз шығып, 1-сынып бүлдіршіндерін бірі жетектеп, бірі иығына  салып көтеріп, қоңырау соғып айналып шығады.)




1-жүргізуші

Жаңа оқу жылы жемісті

Мерейі үстем жыл болсын

Шәкірттеріміз өрісті

Елім дер қыз бен ұл болсын!

2-жүргізуші

1-сынып білім алушыарына сәтті қадам, таудай талап тілейміз!

А.Мендияров

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы алдында, тік тұрыңдар!

 (Ән «Көк тудың желбірегені»)

1-жүргізуші:

1 қыркүйек -  Білім күніне арналған, салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші 

Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, бәріміз қошеметпен
 1-сынып білім алушыларын қоңырау үнімен «Алғашқы сабақтарына»   шығарып салайық!

(Музыка ырғағымен, қоңырау үнімен мектепке кіреді.)

1-жүргізуші:

2-11 сынып білім алушылары үшін «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында өтетін  бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.  

Бірге:

1-қыркүйек –Білім күні құтты болсын!

«Сабақтарыңыз сәтті болсын!»

Қош сау болыңыздар!




                   Жаңа оқу жылының "Алғашқы қоңырау" соғу сәтінен



                                  1-сынып бүлдіршіндері


                    "Білім патшалығы" қойылымына қатысқан жас мамандар


 
                                                   Мектеп ұжымы






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив