"Құқық айлығы" барысында зейнеткер ұстаз Батымбетов Рақымберлі Оразбекұлымен кездесу ұйымдастырылып, "Өмірден бар менің де бір түйгенім..." кітабының тұсаукесері өтті.
7-11 сыныптарының қыздарына арналған мектепішілік жиналысты "Сымбат" қыздар ұйымы "Темекінің қыз баланың ағзасына әсері" және "Мамандық типтері" тақырыптарында ұйымдастырды
"Мен-чемпионмын" 6-сынып білім алушылары арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Тугумбаевтың ұйымдастыруымен спорттық жарыс өтті. Жарыста 6 б сынып білім алушылары жеңіске жетті.
4-сынып білім алушылары арасында денешынықтыру пәнінің мұғалімі С.Джексембековтың ұйымдастыруымен "Толағай" спорттық жарысы ұйымдастырылып, 4 в сынып білім алушылары 1-орынды жеңіп алды.