ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕСІ » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7728 96-9-53 Қабылдау бөлімі :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2023

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕСІ

https://drive.google.com/file/d/1E9cKv-Yvk22g1wxh1c-_84UQkXDwZ_89/view?usp=drivesdk
Психологиялық қызметтің мақсаты - білім алушыларды табысты оқыту, дамыту, әлеуметтендіру және кәсіби білім беру траекториясын саналы таңдауды қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүйелі ұйымдастыру.

Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) Оқыту процесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму жағдайын психологиялық-педагогикалық талдау, негізгі проблемалар мен олардың туындау себептерін анықтау, оларды шешу құралдарын айқындау, сондай-ақ ұжымның педагогикалық қызметі үшін қауіпсіз орта құру;
2) оқу процесінде баланың психологиялық-педагогикалық мәртебесін және оның психологиялық даму динамикасын мониторингтеу; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу қызметін дараландыруға жәрдемдесу;
3) білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту нәтижелеріне қойылатын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын орындауға жәрдемдесу болып табылады;
4) әлеуметтік қауіпсіздік, психологиялық денсаулық проблемаларын еңсеруге және деструктивті мінез-құлық нысандарының алдын алуға, білім алушылармен тәрбиеленушілерді бейімдеу, оқыту жәнетәрбиелеу қиындықтарына бағытталған жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
5) жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді түрде беру арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойында өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге әмбебап оқу дағдыларын қалыптастыру мен қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады;
6) білім беру процесіне қатысушыларға, олардың жеке құқықтарына қысым жасамай, өзара көмек, эмпатия, жауапкершілік, өзіне сенімділік, шешім қабылдау қабілеті, белсенді әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидаттарын тәрбиелеу мен қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады;
7) Білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік қолдау саласындағы ғылыми және практикаға бағдарланған жетістіктерін тарату және практикаға енгізу болып табылады;
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оларды әлеуметтендірудің тиімді жағдайларын жасау үшін білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін педагогтер мен мамандардың пәнаралық, командалық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
9) білім беру ұйымының алқалы органдарымен және білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер мүдделі органдарымен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.