Қарашоқы орта мектебі бойынша 2020-2022 оқу жылында «Білім сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеу режимі жобасын іске асыру бойынша атқарылған жүмыстар туралы ақпарат » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7728 96-9-53 Қабылдау бөлімі :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қарашоқы орта мектебі бойынша 2020-2022 оқу жылында «Білім сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеу режимі жобасын іске асыру бойынша атқарылған жүмыстар туралы ақпарат
28
февраль
2022

Қарашоқы орта мектебі бойынша 2020-2022 оқу жылында «Білім сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеу режимі жобасын іске асыру бойынша атқарылған жүмыстар туралы ақпарат

 Қарашоқы орта мектебінде «Білім сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеу режимі жобасын» іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар жүргізілді. Жетекші мектеп ретінде Малайсары, Архарлы орта мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетілді. Білім беру сапасын арттыру үдерісіне озық педагогикалық тәжірибені тарату, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізуді іске асыруға жәрдемдесу; озық педагогикалық тәжірибені тарату; заманауи педагогикалық технологияларды, әдістемелерді, әдістер мен әдістерді қолданудағы іс- әрекеттерді зерттеудегі, табысты оқытудағы тәжірибемен алмасу; педагогтердің эксперименттік және инновациялық қызметін қолдауға көмек көрсетіліп, тәжірибе алмасты.  
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруде, ал оқушының оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда Lesson Study әдісін қолданудың берері көп. Бұл әдістің сабақ беру практикасын жақсарту үшін өте тиімді екенін, сыныптағы ынтымақтастық ортаны, қарым-қатынас әрекетін және т.б. бақылау мақсатында біршама зерттеулер жүргізілді. Педагогика саласындағы зерттеулердің ішінде тікелей тәжірибені зерттеуге бағытталған тәсілдердің, яғни эмпирикалық тәсілдердің маңызы зор. Бұл тәсілдер озық педагогикалық тәжірибені зерделеуде, сондай-ақ мұғалім өз тәжірибесінің белгілі бір қырларын зерттегенде қолданылады. Зерттеу қызметі мұғалімге өзінің оқыту және оқушылардың оқу тәжірибесінің қыр-сырын бағамдауға жол ашады. Зерттеу нәтижелері, оларды мектептегі немесе кәсіби қоғамдастықтағы әріптестерімен талқылау мұғалімге өз тәжірибесіне сын көзбен қарауға түрткі болып, оны жетілдіру жолдарын іздеуге және жалпы алғанда кәсіби шеберлігін арттыруға ынталандырады. Сонымен қатар бұл зерттеу тәсілдерін іске асыру барысында мектеп жүйесін жетілдіру үшін мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының әлеуеті кеңінен қолданылады. Сол арқылы мұғалімдерде бірлесіп жұмыс істеу мәдениеті қалыптасады.
                «Білім сапасын арттырудағы сабақты зерттеудің рөлі» тақырыбында  оқыту семинары,  олқылықтың орнын толтыру жұмыстарын тиімді жүргізу бойынша коучинг және тақырыптық семинарлар ұйымдастырылып, әдістемелік жетекшілер мен пән мұғалімдері тәжірибе алмасты. 
«Қашықтан жұмыс жасау барысындағы платформамен жұмыс жасау тиімділігі» тақырыбында оқыту семинары, «Pisa» халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын   ұйымдастыру тақырыбында тренинг өткізлді. 
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін пән мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру:
- білім алушылардың қиындықтарын, оқу жетістіктерінің деңгейін және білімдегі олқылықтарды анықтайды; 
- жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделейді; 
- сараланған тапсырмаларды таңдай отырып, білім алушылармен жұмыс жүргізеді;
- тұрақты кері байланыс жүргізеді;
-  оқу қызметін ынталандыру (көтермелеу, табыс жағдайларын жасау, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т. б.);
Білім алушылардың төмен оқу үлгеріміне әсер ететін факторлар мен себептерді анықтау бойынша кеңес беру, оқушылар арасында   диагностика жүргізу  жұмыстары ұйымдастырылды. 
 Ақпан айында «Жаңа бағытағы сабақ-құндылықтары» тақырыбында семинар өткізу жоспарланып отыр.
Вебинар: «Білім сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеу режимі жобасын іске асыру» жұмыс жоспарын таныстыру 
Вебинар: Іс әрекетті зерттеуді қашықтан оқу жағдайында қалай ұйымдастыруға болады?  Іс әрекетті зерттеу деген не?

Шебер сынып: «Оқушыларға күнделікті сабақты түсіндіруді ұйымдастыру »
                                     (Архарлы негізгі мектебі)
Вебинар: «Білім сапасын арттыру – серіктес мектептерге қолдау көрсетуші»  
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив