Аудандық "Адал Ұрпақ" слеті » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7728 96-9-53 Қабылдау бөлімі :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2021

Аудандық "Адал Ұрпақ" слеті

«Құқықтық Қазақстан» әлеуметтік жобалар байқауы


«Жан жылуыңмен бөліс» әлеуметтік жобасын іске асыру барысында мектепте «Жылы жүрек» әлеуметтік жобасы жұмыс жасайды.

Жобаның мақсаты: Адамдар арасында қайырымдылықты, адамгершілік пен ізігілікті насихаттау арқылы, қоршаған ортаға қамқорлық жасай отырып,  волонтерлік қозғалысқа серпін беру. Жобада «Адал Ұрпақ» тобымен бірге педагогтар арасыннан құрылған еріктілер тобы бірігіп жұмыс атқарады. Жобаның бір жылдық жұмыс жоспары бар.  Жоба тек қана қамқорлық, қайырымдылық пен ғана шектелмей, өскелең ұрпаққа адалдық пен ізгілік, жомарттық сияқты қасиеттерді сіңіру мақсатында жұмыстар атқарады. Табиғатты аялау, оны қоқыстан тазарту мақсатында жылдың әр мезгілінде қол өнер  көрмелерінің өтілуіне ұйытқы болады. Осындай көрмелер ұйымдастыру арқылы өнерлі балаларды дәріптеу, «пайдасыз қалдықтарды» іске асыру, шығармашылықтарын арттыру көзделеді. Еріктілер үзіліс кезінде білім алушылардың қауіпсіздігін ескере отырып,  үлкен үзілісте   бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында «Көңілді үзілістер» ұйымдастырады.   Яғни  апта бойы халық әндерін дәліздерге іліп, білім алушыларға  сөзін жаттауға мүмкіндік бере отырып, караокемен ән салу, әр буынның өзінің жас ерекшеліктерін ескере отырып, мультфильмдер, «Квест» ойыны, флешмоб және 8-11 сыныптар үшін «Махаббат» туралы өлеңді жатқа айту, дойбыдан чемпионат, спорттық жарыстар( ұл балалар гир тасын көтеру, қыз балалар секіртпемен секіру), «Сен өз құқығынды білесің бе?» атты викторина сұрақтары, «Ұнататынымды суретке саламын» атты сурет байқауы,  «Көңілді аққала» жасау жарыстарын ұйымдастырып отырамыз. Баланың бос уақытын тиімді пайдалану, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сыныптан тыс спорттық іс-шаралар мен  тақырыптық би кештерін ұйымдастырамыз.  Каникул кездерінде «Бір күндік» танымдық  сахаттарды жоспарлап, «Медеу» мұзайдынына, «Алматы аренаға» коньки тебуді әдетке айналдырдық.

Ауылдағы жалғыз басты қариялардың аулаларын тазалап, отын, көмірлерін кіргізуге көмек беріп, баталарын алып, өзімізбен бірге сыныптастарымыз бен  достарымызды да осы жұмысқа жұмылдыруды басшылыққа аламыз. 

Жаңа жылдық, «Балаларды қорғау күні» және тағы да басқа мерекелерде  үйде оқитын Хамит Миратты да ұмытпай сыйлығын апарып, көңілін көтеріп, қолдау көрсетеміз. 

Қазіргі кезде балалар арасында ысырап жасау да өте өзекті мәселе. Мысалыға, артық оқу құралдарын пайдасыз лақтыру, қажет емес ойыншықтар мен киімдерді шектен тыс алу қазіргі кезде өте көп белең алуда. Сондықтан да мектеп білім алушылары өздерінен артылған дәптерлер, қалам, қарындаштар, өшіргіштері, тіпті кейде жаңа киімдері мен  ойыншықтарын қорапқа  салып, бізге береді. Біз ол заттарды әлеуметтік топтағы отбасыларға сыйлық ретінде ұсынамыз. Кейде демеушілер арқылы «Адамдарға қуаныш сыйла!» акциясын ұйымдастыруға ұйытқы боламыз. Осындай іс-шаралар барысында тек ауылмен ғана шектелмей «Айналайын» балалар үйінде қонақта да болып қайттық.    Қайырымдылық пакеттері пандемия кезінде  де кейбір отбасыларға үлестірілді.  Қашықтықтан оқу кезінде білім алушылар арасында кездесетін кейбір өткір мәселелердің түйінің шешу мақсатында да «Адал Ұрпақ» ерікті топ мүшелері журналистік зерттеулер жасап, ауыл тұрғындарынан сұхбат алып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.   Сонымен қатар 2020-2021 оқу жылында  көптеген «Адалдық сағаттар» онлайн жүргіліді. Оның көбі аудан  тарапынан  республика көлемінде жүрді. Жасөспірімге адалдық, адамгершілік, достық туралы өз ойымен бөлісуі  үшін ауыл тұрғыны, ауған соғысының ардагері М.Нусипбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Адалдық сағаттарында достық, сенім арту, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы айтылды.  Осы жұмыстармен бірге қазіргі заманнымызда үлкен қоғам дерті болып саналатын мәселенің бірі-жемқорлық туралы да үнемі үгіт-насихаттар жүргіземіз. Жемқорлық-мемлекетіміздің беделіне, демократиясына, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына,   адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіретін дерт. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып  отыр. Кітапханада үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрышы ұйымдастырылған. Сынып жетекшілер  тәрбие жұмыс жоспарларында  «Адал ұрпақ» тақырыбында сынып сағаттары өтеді. Сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізуді ерте жастан бастап, адалдыққа баулу арқылы іске асыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыр керек.










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив