"Үздік сынып жетекші-2022" байқауы өтті » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7728 96-9-53 Қабылдау бөлімі :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
декабрь
2022

"Үздік сынып жетекші-2022" байқауы өтті








«Үздік сынып жетекшісі-2022» байқауы

Мақсаты: Мектепте тәрбие ролін арттыру, тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту. Кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау, сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару субьектісі ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық тәжірибесін айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибесін анықтау, тәрбие бағытындағы инновациялық және шығармашылық идеяларын көрсету болып табылады.

Міндеттері: 

-ізгі, толерантты ахуал туғыза білетін кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау;

-сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару субьектісі ретінде сынып жетекшілердің шығармашылық  зертханасын айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық  тәжірибені  насихаттау және тарату;

-тәрбие беделін, әлеуметтік және адамгершілік маңызын арттыру, қоғамдық құндылығын таныту;

-тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларды ашу және өзара тәжірибе алмасуға жағдай  жасау.

1 жүргізуші : Армысыздар, құрметті ұстаздар, көрермендер! 

2 жүргізуші: «Үздік сынып жетекшісі-2022» байқауын тамашалауға қош келдіңіздер! 

1 жүргізуші: Сынып жетекшісі міндеттерінің көлемі өте ауқымды, әрі қуыныш пен жеңістен гөрі қобалжу мен қиындықтарға толы. Дегенмен де, мектепте сынып ұжымының іс-әрекетін басқаратын одан қызық, одан жемісті жұмыс жоқ деуге болады. Сынып жетекшісі болу-бұл педагогикалық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге асыру, өзінің әрбір тәрбиеленушісіне қажет болуға талпыныс және адам тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жетістіктер қуанышы. 

2 жүргізуші: Шеттерінен жігер оты лаулайтын

                       Білімімен шәкірттерін баулайтын. 

                       Биік қойған парасат пен тәлімді – 

                       Мәртебелі ұзтаздықты таңдайтын,- деп бүгінгі «Үздік сынып жетекшісі-2022» байқауына қатысқалы тұрған сынып жетекшілерді ортаға шақырайық. 

1. ________________________________сыныбының жетекшісі 

2. ________________________________ сыныбының жетекшісі 

3. ________________________________ сыныбының жетекшісі 

4. ________________________________сыныбының жетекшісі

5. 

6.

1 жүргізуші: Қазылар орнықтылар әділдікті 

                       Кімдердің жауаптары әділ шықты.

                       Білім мен тапқырлықтың сайысында 

                       Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты- деп сайыс барысында баға беретін қазылар алқасымен таныс болайық. 



2 жүргізуші: Ал, келіңіздер, келіңіздер

                       Дарындарыңызға сеніңіздер

                       Өнерлеріңізге сүйеніп 

                         Сайысқа қатысып көріңіздер!- 

1 жүргізуші: Ақыл керек білім таңдап аларға 

                       Білім керек іске жақсы қарарға.

                       Ақыл шырақ, қараңғы түнді ашатын

                       Білім-жарық, нұрын әлемге шашатын 

                       Біліктіні тыңда – ақыл бұлағы 

                       Білімді сөз-шырын жанның құнары.


2 жүргізуші: Тәрбиесіз бала ұғар ма? 

                       Олай болса уысыңнан шығарма. 

                       Тартар күйік ет кескендей етінен 

                       Қатал тәртіп көрсе бала күнінде,

                       Өнерімен қуантады түбінде,- деп, сайысымызды бастаймыз. 

1 жүргізуші: 1-кезеңі сырттай өткізілді.

Сырттай кезеңге сынып жетекшінің жаңа үлгідегі инновациялық жұмыстарының жинағыны мен сыныптың тәрбие сабағы ұсынылған. 

2 жүргізуші2 кезең. 1.«Мен және менің сыныбым» презентациясы,  (әр бір сайыскер 5-7 минут ішінде өзі және сыныбы туралы (10-15 слайдтан аспау керек ) слайд немесе бейнеролик түрінде өзі баяндай отырып, толық мәлімет беруі тиіс)

Презентацияда тәрбие жұмысының басым бағыттары, сынып ұжымының ерекшеліктері, сыныптың дәстүрлері және т.б. көрініс табуы керек. Оқушылардың тәрбие үдерісіне қатысу кезіндегі (жұмыс үстіндегі) фотосуреттерін қолдануға, музыкамен, спецэффектермен сүймелдеуге болады.

1 жүргізуші:  Педагогикалық импровизация (Оқушылармен, ата-анамен тікелей тілдесу кезіндегі, педагогикалық ниетін сыныпта, ата-аналар жиналысында жүзеге асыру мезетіндегі педагогтың шығармашылығы)

Әрбір сайыскер 3 минут ішінде бала тәрбиесіндегі тақырыпта өз ойын ашық, еркін жеткізіп, сыныпта орын алатын проблемалардың шешу жолдарын ұсынады.

Бағалау өлшемдері:

-педагогикалық шеберлік, сахналық ұстанымы, өзіне-өзі сенімділігі;

-этиканың көрнісі мен педагогикалық шеберлігі;

-идеяның үйлесімділігі, шығармашылдығы;

-ойын жинақтау қабілеті, белсенділігі;

-материалды жүйелі, қарапайым, нақты түсінікті, методикалық тілмен баяндау;

-тәрбие жұмысы бағаттарының қамтылуы, тәрбие мақсатына негізделуі;

-қиын оқушылар және олардың ата-аналарымен ұйымдастырылатын жұмыстың   түрлері, жеке тұлғалық ерекшелікке байланысты педагогикалық көмек көрсете білу деңгейі,

-көрсетілімнің қисындылығы, мазмұнды еркін меңгеруі, ширақтылығы;

-сынып жетекшісі Ережесінің іске асырылуы.

1 жүргізуші: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі», - деп әлемнің екенші ұстазы Әл-Фарабидің көрегенділікпен айтқан пікірі ешқашанда маңызын жоймас.

2 жүргізуші:  Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан озық әдет-ғұрып, дәстүрлері  мен ізгі қасиеттерді  бойына сіңіре отырып, дені сау, рухани өрісі биік, парасатты, қазіргі қоғам дамуының үрдісіне сай білімді, рухы кемел жеке тұлғаны қалыптастыру – тәрбиенің өзекті мақсаты екені айқын.

1 жүргізуші: Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегі әділқазыларда. 

Сайыскерлерді марапаттау. 

2 жүргізуші: «Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір болмақ емес» деген Ж. Аймауытов пікіріне сүйене отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп, сол еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер деп сайысымызды аяқтаймыз. 

1 жүргізуші: Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив