Аудандық семинар » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7728 96-9-53 Қабылдау бөлімі :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
февраль
2022

Аудандық семинар

Семинар тақырыбы:    «Жаңа бағыттағы сабақ құндылықтары»
Семинардың мақсаты: 
  • Білім мазмұнының жаңаруымен қатар сабақтағы құндылықтың мәнін ашу.
  • Педагогтың дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби сапаларының өсуіне ықпал ету.  
     Кербұлақ аудандық әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Қарашоқы орта мектебінде «Жаңа бағыттағы сабақ құндылықтары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Жайлаубай Еламан Жомартұлы келді. 
    Сонымен қатар, жетекші мектеп мұғалімдері, серіктес мектептердің мұғалімдері, үйлестірушілер қатысты. Семинар бағдарламасна сәйкес, Қарашоқы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі С.Мухалаева 1 сынып білім алушылармен «Тасымал. Бесік жыры» тақырыбындағы үлгілі сабағын, математика пәнінің мұғалімі Б.Байғалық «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.Ондық бөлшектерді көбейту.» тақырыбындағы үлгілі сабағын, география пәнінің мұғалімі А.Кокусбекова «Энергия және оның түрлері» тақырындағы үлгілі сабағын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Қойшибекова «Ш.Айтматов  Алғашқы ұстаз» зерттеу сабағын  көрсетті. 
   Іс-тәжірибе алмасу, шығармашылықтарын шыңдау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.Букабаева «Сабақтағы құндылықтар» тақырыбында ақпарат беріп, өз шығармашылығымен бөлісіп, әдістемелік тренд көрсетті. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Д.Абаева «Сабақты жоспарлаудағы құндылықтың маңызы» тақырыбында әдістемелік тренд көрсетіп, өз шығармашылығымен бөлісті. Семинардың екінші бөлімінде педагог-психолог Ж.Мирзаканова «Сақтау, қайталау, өзгерту» тақырыбында психологиялық тренинг көрсетіп, балаға оңтайлы ісер ету жолдарымен бөлісті. Қазіргі таңдағы өте ауқымды жұмыс-олқылықтармен жұмыс болып табылады. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Қойшибекова «Кәсіби өсуге ықпал ету» тақырыбында «Білім берудегі олқылықтармен жұмыс»  жеке шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. Семинар барысында көптеген жаңашыл идеялар мен әдіс-тәсіл түрлері көрсетіліп, жалпыадамзаттық құндылықтарды сабаққа кіріктіріп, оны оңтайлы қолдану жолдары көрсетілді. Семинарға қатысушылар, келген мұғалімдер арасында кері байланыс жүргізіліп, семинар соғында аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Жайлаубай Еламан Жомартұлы семинарды қорытындылап, қатысушыларды марапаттады. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив