4,9 сыныптарда ББЖМ жұмысының жүргізілуі » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7728 96-9-53 Қабылдау бөлімі :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
октябрь
2022

4,9 сыныптарда ББЖМ жұмысының жүргізілуі

Қарашоқы орта мектебі бойынша 4,9-сынып білім алушыларының білім жетістіктерін мониторингілеу туралы

New Roman]Қарашоқы орта мектебі бойынша 4,9-сынып білім алушыларының білім жетістіктерін мониторингілеу жұмысын ұйымдастыру «ББЖМ өткізу ережелері» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығы басшылыққа алынды. Мектепте бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейінде-сәйкес білім беру деңгейінің жаңартылған МЖБС шеңберінде білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында іс-шаралар жоспары жасалды. Жалпы ББЖМ 4 және 9 сынып білім алушыларының фунционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, яғни білім мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға, сонымен қатар аналитикалық, логикалық ойлауды дамытуға бағытталған. ББЖМ кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, 3 бағыт: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.
2022-2023 оқу жылында 4, 9 сынып білім алушыларынан қыркүйек айынан бастап білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп, тест тапсырмалары алынды. 4 сыныпта 40 білім алушы, 9 сыныпта 31 білім алушы.
Тест нәтижелерінің қорытындылары:

Сыныптар Оқу сауаттылығы Математикалық сауаттылық Жаратылыстану ғылыми сауаттылық
Қазақ тілі Әдебиеттік оқу Математика
Б.а.саны Білім сапасы% Б.а.саны Білім сапасы% Б.а.саны Білім сапасы% Б.а.саны Білім сапасы%
4а/14 14 68 14 65 14 56 14 72
4б/13 13 53 13 60 13 56 13 72
4в/13 13 61 13 53 13 56 13 70

Сыныптар Оқу сауаттылығы Математикалық сауаттылық Жаратылыстану ғылыми сауаттылық
Қазақ тілі, орыс тілі ағылшын тілі
Математика физика, химия, биология, география
Б.а.саны Б.а.саны
Білім сапасы % Б.а.саны Білім сапасы % Б.а.саны Білім сапасы %
9а/14 16 66
16 53 16 70
9б/13 15 65 15 55 15 72

Сыныптарда жеке әр балаға папка басталып жұмыстары жинақталды. Сынып жиналыстары өткізіліп, ББЖМ форматымен таныстыру жүргізілді. ББЖМ кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүргізілетіндіктен компьютерлерді тестілеу жұмысы және ата-аналарға түсіндіру жұмысы ұйымдастырылған жоқ. Сонымен қатар пән мұғалімдері ББЖМ-ға қатысты құжаттарды жинақтап, білім алушылармен дайындық жұмысын күшейту керек. Себебі 2022-2023 оқу жылында жеке мектептер таңдауға түспейтіндігі айтылған, жалпы барлық мектептердің қатыстырылуы қамтамасыз етілген.

Ұсыныс:
1. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуге дайындық бойынша компьютерлерді тестілеу жұмысы ұйымдастырылса.
2. Сынып жетекшілер ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру және кеңес беру жұмысын жүргізсе.
3. Пән мұғалімдері ББЖМ-ға қатысты құжаттарды жинақтап, білім алушылармен дайындық жұмысын күшейтсе.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив