Математика пәнінің педагогіне бос жұмыс орнына қабылдау конкурсын өткізу туралы
Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2024-2025 оқу жылына математика пәнінің педагогі бос орнына жұмысқа қабылдау бойынша конкурс «Enbek. Kz» сайтына жарияланғанын хабарлайды!
Конкурстың өтілуі туралы мәлімет:
Орналасқан жері- Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылы, И.П. Надбережный көшесі № 1A
Электрондық- мекен -жайы karashok_sh@mail.ru
Байланыс телефоны-8 (728) 429 69 53
Бос орын: математика пәнінің педагогі- 2 бірлік (32 сағат)
Еңбек мөлшері : 160 000-230 000 теңге көлемінде
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
118-тармақ: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Педогогқа қойылатын талаптар:
-Білімі: жоғары; Санаты:педагог-сарапшы
-Мамандық бойынша: математика пәнінің педагогі
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа өтініш пен құжаттарды қабылдау: 23-28.08.2024ж
Құжаттарды қабылдау отырысы: түйіндеме берілген күннен 5 күн жұмыс ішінде