Бос жұмыс орнына қабылдау туралы » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7728 96-9-53 Қабылдау бөлімі :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2022

Бос жұмыс орнына қабылдау туралы

Жетісу облысының білім  басқармасы  Кербұлақ аудандық білім  бөлімінің  Қарашоқы орта мектебі КММ бос лауазымға қабылдау  туралы конкурстық комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ № 5

                                                                                                04.11.2022 жыл                                                         

      Қатысқандар:

  1. К.Джантемирова- кәсіподақ төрайымы, комиссия төрайымы

К.Махмет-хатшы

Комиссия мүшелері:        

  1. Э.Букабаева- д.о.т.і.ж орынбасары, педагог-сарапшы
  2. А.Жаинбаева- д.о.т.і.ж орынбасары, педагог-сарапшы
  3. Б.Умарова- педагог-зерттеуші
  4. Ғ.Қойшибекова- педагог-зерттеуші
  5. Р.Кокуспекова- педагог-сарапшы
  6. Г.Куренбаева- педагог-сарапшы

Күн тәртібінде:                              

  1. А.Кокусбекованың география пәнінің педагогі мұғалімі бос орнына жұмысқа қабылдауға түскен өтініш бойынша  құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау.
  2. А.Құрманғалиеваның дефектолог бос орнына жұмысқа қабылдауға түскен өтініш бойынша  құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау.


Тыңдалды:                                                    

Бірінші сұрақ бойынша комиссия төрайымы К.Джантемирова география пәнінің педагогі бос орнына жұмысқа қабылдау бойынша түскен өтініштерді қарау туралы айтты. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылдың  19 қарашасындағы №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылдың 22 қарашасындағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес география пәнінің педагогі бос орнына `Enbek.kz` сайтына жарияланған конкурсқа география пәнінің педагогі А.Кокусбековадан, Текелі қаласы И.Асатпаевтан, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданынан М.Әбдірахманнан өтініштер түсті деді. Конкурс ережесі бойынша И.Асатпаев пен М.Әбдірахман тек өтішін ғана қалдырған, бүгінгі күнге өз құжаттарын тапсырған жоқ.  А.Кокусбекова осы мектепте географиядан 6 cағаты және 1 бірлік зерханашы қызметін қоса атқарады деді. Қазіргі уақытта бала күтімінде отырған А.Манаспаева өз орнына зертханашы қызметіне жұмысқа шықты. Бүгінгі күнге география пәнінен бос тұрған  17 сағатқа жұмыс істеуге өз өтініш білдірген деді. А.Кокусбекованың құжаттарын қарауды ұсынды. 

Сөйледі: А.Жаинбаева-д.о.т.і.ж орынбасары, педагог-сарапшы география пәнінің педагогі А.Кокусбекованың педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін комиссия мүшелері қараймыз, нәтижесін бағалау парағы бойынша есептеп шығарамыз деді. Нәжижесі қорытынды жиналыста қаралатынын айтты.

Тыңдалды:                                                    

Екінші сұрақ бойынша комиссия төрайымы К.Джантемирова «Enbek kz» сайтына дефектолог бос орнына жұмысқа қабылдау бойынша түскен өтінішті қарау туралы  айтты. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылдың 19 қарашасындағы №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылды 22 қарашасындағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес дефектолог бос орнына «Еnbek.kz» сайтына жарияланған конкурсқа 01-06.11.2022ж аралығында осы лауазымға 1 педагогтен ғана қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогі А.Қурманғалиевадан өтініш түсті деді. Түскен өтініш бойынша құжаттарын педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды ұсынды. 

Сөйледі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогі А.Құрманғалиеваның педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін комиссия мүшелері қараймыз, нәтижесін бағалау парағы бойынша есептеп шығарамыз деді. Нәжижесі қорытынды жиналыста қаралатынын айтты.



Шешім:

  1. География пәнінің педагогі А.Кокусбекованың  құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігінің нәтижесі бойынша қорытынды жиналыс өткізілсін. 
  2.  А.Құрманғалиеваның  құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігінің нәтижесі бойынша қорытынды жиналыс өткізілсін. 





Комиссия төрайымы                             К.Джантемирова

                                            Комиссия мүшелері:                            Э.Букабаева 

                                                              А. Жаинбаева

                                                          Б.Умарова

                                                                  Ғ.Қойшибекова

                                                               Р.Кокуспекова

                                                             Г.Куренбаева



                                             Комиссия хатшысы                                К.Махмет



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив