Бос жұмыс орнына қабылдау комиссия отырысы » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7728 96-9-53 Қабылдау бөлімі :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бос жұмыс орнына қабылдау комиссия отырысы
07
ноябрь
2022

Бос жұмыс орнына қабылдау комиссия отырысы

«Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарашоқы орта мектебі» коммуналдық мекемесі бос лауазымға қабылдау  туралы конкурстық комиссия қорытынды отырысының ХАТТАМАСЫ № 6

                                                                                             07.11.2022 жыл                                                         

                                                            

      Қатысқандар:

  1. К.Джантемирова- кәсіподақ төрайымы, комиссия төрайымы

К.Махмет-мүшелері

Комиссия мүшелері:         

  1. Э.Букабаева- д.о.т.і.ж орынбасары, педагог-сарапшы
  2. А.Жаинбаева- д.о.т.і.ж орынбасары, педагог-сарапшы
  3. Б.Умарова- педагог-зерттеуші
  4. Ғ.Қойшибекова- педагог-зерттеуші
  5. Р.Кокуспекова- педагог-сарапшы
  6. Г.Куренбаева- педагог-сарапшы

Күн тәртібінде:                              

  1. География пәнінің педагогі А.Кокусбекованың   құжаттарының педагогтердің үлгілік  біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігінің нәтижесінің қорытындысы туралы.
  2. А.Құрманғалиеваның құжаттарының педагогтердің үлгілік  біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігінің нәтижесінің қорытындысы туралы.


Тыңдалды:                                                    

Тыңдалды: Екінші сұрақ бойынша комиссия төрайымы К.Джантемирова география пәнінің педагогі бос орнына жұмысқа қабылдау бойынша түскен өтініштерді қарау туралы айтты. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылдың                           19 қарашасындағы №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылдың 22 қарашасындағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес география пәнінің педагогі бос орнына `Enbek.kz` порталына жарияланған конкурсқа география пәнінің педагогі А.Кокусбековадан, Текелі қаласы И.Асатпаевтан, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданынан М.Әбдірахманнан өтініштер түсті деді. Конкурс ережесі бойынша И.Асатпаев пен М.Әбдірахман тек өтішін ғана қалдырған, бүгінгі күнге өз құжаттарын тапсырған жоқ.   А.Кокусбекова осы мектепте географиядан 6 cағаты және 1 бірлік зерханашы қызметін қоса атқарады деді. Қазіргі уақытта бала күтімінде отырған А.Манаспаева өз орнына зертханашы қызметіне жұмысқа шықты. Бүгінгі күнге география пәнінен бос тұрған 17 сағатқа жұмыс істеуге өз өтінішін білдірген деді. А.Кокусбекованың құжаттарын қарап шықтық. Бос тұрған 17 сағаттың сағаты 11 сыныптарда кәсіпкерлік бизнес негіздеріне вариативті компонент есебінен берілген. А.Кокусбекованың 11 сыныптарда кәсіпкерлік бизнес негіздерінен сабақ жүргізуге сертификаты жоқ деді. Сондықтан тек географиядан 15 cағат алса деген ұсынысын айтты. 


Сөйледі:  Ғ.Қойшибекова география пәнінің педагогі А.Кокусбекованың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Комиссия мүшелері бағалау парағын және құжаттарын толық қарап шықтық деді. Бос лауазымға қабылдау туралы конкурстық комиссиясының шешімі бойынша география пәнінің педагогі болып жұмысқа қабылданса және географиядан 15 сағат берілсе деген ұсыныс айтты. 

Тыңдалды:                                                    

Екінші сұрақ бойынша комиссия төрайымы К.Джантемирова «Enbek kz» сайтына дефектолог бос орнына жұмысқа қабылдау бойынша түскен өтініш бойынша құжаттарының педагогтердің үлгілік  біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы  айтты. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылдың 19 қарашасындағы №568 және  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылды 22 қарашасындағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес дефектолог бос орнына «Еnbek.kz» сайтына жарияланған конкурсқа 01-06.11.2022ж аралығында осы лауазымға                1 педагогтен ғана қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогі А.Қурманғалиевадан өтініш түсті деді. Құжаттары сәйкес келетінін айтты.

Сөйледі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогі Ғ.Қойшибекова өтініш берген А.Қурманғалиеваның құжаттарының педагогтердің үлгілік  біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетінін айтты. Мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогі, білімі жоғары және дефектолог маманы бойынша ҚР «Педагогтар мен психологтар Академиясы» ЖШС «Арнайы білім беру саласындағы оқытушылар» қайта даярлау курсын өтіп «Мұғалім, дефектолог» куәлігін және «Мұғалім, дефектолог» біліктілік сертификатын алған. Тапсырған құжаттарының бағалау парағын толтырған. А.Құрманғалиева дефектолог маманы бос орнына,  жұмысқа қабылдасақ деген ұсынысын білдірді. 


Комиссия мүшелері маманның қажеттілігіне байланысты А.Қурманғалиеваны дефектолог маманы бос орнына,  география пәнінің педагогінің қажеттілігіне байланысты А.Кокусбековаға тарификацияда тұрған география пәнінен 15 сағат берілсе деген ұсынысқа келісетіндерін айтты.    


Шешім:

  1. Дефектолог және география пәнінің педагогі бос орнына түскен өтініштер қанағаттанарлық деп танылсын.
  2. 07 қарашасынан бастап  А.Кокусбековаға тарификацияда тұрған  география пәнінен  15 сағат беріліп, жұмысқа қабылдансын.                      
  3. А.Қурманғалиева 2022 жылдың 07 қарашасынан бастап дефектолог маманы болып  жұмысқа  қабылдансын.


     Комиссия төрайымы                             К.Джантемирова

                                                Комиссия мүшелері:                            Э.Букабаева 

                                                              А. Жаинбаева

                                                          Б.Умарова

                                                                  Ғ.Қойшибекова

                                                               Р.Кокуспекова

                                                             Г.Куренбаева



                                              Комиссия хатшысы                                К.Махмет



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив