Бос жұмыс орнына қабылдау туралы
Жетісу облысының білім басқармасы Кербұлақ аудандық білім бөлімінің Қарашоқы орта мектебі КММ бос лауазымға қабылдау туралы конкурстық комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ № 5
04.11.2022 жыл
Қатысқандар:
- К.Джантемирова- кәсіподақ төрайымы, комиссия төрайымы
К.Махмет-хатшы
Комиссия мүшелері:
- Э.Букабаева- д.о.т.і.ж орынбасары, педагог-сарапшы
- А.Жаинбаева- д.о.т.і.ж орынбасары, педагог-сарапшы
- Б.Умарова- педагог-зерттеуші
- Ғ.Қойшибекова- педагог-зерттеуші
- Р.Кокуспекова- педагог-сарапшы
- Г.Куренбаева- педагог-сарапшы
Күн тәртібінде:
- А.Кокусбекованың география пәнінің педагогі мұғалімі бос орнына жұмысқа қабылдауға түскен өтініш бойынша құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау.
- А.Құрманғалиеваның дефектолог бос орнына жұмысқа қабылдауға түскен өтініш бойынша құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау.
Тыңдалды:
Бірінші сұрақ бойынша комиссия төрайымы К.Джантемирова география пәнінің педагогі бос орнына жұмысқа қабылдау бойынша түскен өтініштерді қарау туралы айтты. ҚР Ministry of Education and Scienceнің 2021 жылдың 19 қарашасындағы №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылдың 22 қарашасындағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес география пәнінің педагогі бос орнына `Enbek.kz` сайтына жарияланған конкурсқа география пәнінің педагогі А.Кокусбековадан, Текелі қаласы И.Асатпаевтан, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданынан М.Әбдірахманнан өтініштер түсті деді. Конкурс ережесі бойынша И.Асатпаев пен М.Әбдірахман тек өтішін ғана қалдырған, бүгінгі күнге өз құжаттарын тапсырған жоқ. А.Кокусбекова осы мектепте географиядан 6 cағаты және 1 бірлік зерханашы қызметін қоса атқарады деді. Қазіргі уақытта бала күтімінде отырған А.Манаспаева өз орнына зертханашы қызметіне жұмысқа шықты. Бүгінгі күнге география пәнінен бос тұрған 17 сағатқа жұмыс істеуге өз өтініш білдірген деді. А.Кокусбекованың құжаттарын қарауды ұсынды.
Сөйледі: А.Жаинбаева-д.о.т.і.ж орынбасары, педагог-сарапшы география пәнінің педагогі А.Кокусбекованың педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін комиссия мүшелері қараймыз, нәтижесін бағалау парағы бойынша есептеп шығарамыз деді. Нәжижесі қорытынды жиналыста қаралатынын айтты.
Тыңдалды:
Екінші сұрақ бойынша комиссия төрайымы К.Джантемирова «Enbek kz» сайтына дефектолог бос орнына жұмысқа қабылдау бойынша түскен өтінішті қарау туралы айтты. ҚР Ministry of Education and Scienceнің 2021 жылдың 19 қарашасындағы №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылды 22 қарашасындағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес дефектолог бос орнына «Еnbek.kz» сайтына жарияланған конкурсқа 01-06.11.2022ж аралығында осы лауазымға 1 педагогтен ғана қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогі А.Қурманғалиевадан өтініш түсті деді. Түскен өтініш бойынша құжаттарын педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды ұсынды.
Сөйледі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагогі А.Құрманғалиеваның педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін комиссия мүшелері қараймыз, нәтижесін бағалау парағы бойынша есептеп шығарамыз деді. Нәжижесі қорытынды жиналыста қаралатынын айтты.
Шешім:
- География пәнінің педагогі А.Кокусбекованың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігінің нәтижесі бойынша қорытынды жиналыс өткізілсін.
- А.Құрманғалиеваның құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігінің нәтижесі бойынша қорытынды жиналыс өткізілсін.
Комиссия төрайымы К.Джантемирова
Комиссия мүшелері: Э.Букабаева
А. Жаинбаева
Б.Умарова
Ғ.Қойшибекова
Р.Кокуспекова
Г.Куренбаева
Комиссия хатшысы К.Махмет