Бос жұмыс орнына қабылдау туралы
Жетісу облысының білім басқармасы, Кербұлақ аудандық білім бөлімінің
Қарашоқы орта мектебі КММ бос лауазымға қабылдау туралы конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының ХАТТАМАСЫ № 4
24.08.2022 жыл
Қатысқандар:
- К.Джантемирова- кәсіподақ төрайымы, комиссия төрайымы
К.Махмет-мүшелері
Комиссия мүшелері:
- Э.Букабаева- д.о.т.і.ж орынбасары, педагог-сарапшы
- А.Жаинбаева- д.о.т.і.ж орынбасары, педагог-сарапшы
- Б.Умарова- педагог-зерттеуші
- Ғ.Қойшибекова- педагог-зерттеуші
- Р.Кокуспекова- педагог-сарапшы
- Г.Куренбаева- педагог-сарапшы
Күн тәртібінде:
1. С.Батымбетовтің құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігінің нәтижесінің қорытындысы туралы.
2. М.Мусулманкулованың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігінің нәтижесінің қорытындысы туралы.
Тыңдалды:
Комиссия төрайымы К.Джантемирова дефектолог және ұстаз-ұйымдастырушы бос орнына жұмысқа қабылдау туралы айтты. ҚР Ministry of Education and Scienceнің 2021 жылдың 19 қарашасындағы №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылдың 22 қарашасындағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес ұстаз-ұйымдастырушы бос орнына ``Enbek kz`` сайтына жарияланған конкурсқа денешынықтыру пәнінің педагогі С.Батымбетовтен, дефектолог бос орнына ``Enbek kz`` сайтына жарияланған конкурсқа М.Мусулманкуловадан түскен өтініш бойынша құжаттары қаралды деді.
Сөйледі: Б.Умарова дене шынықтыру пәнінің педагогі С.Батымбетовтің құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Комиссия мүшелері бағалау парағын және құжаттарын толық қарап шықтық деді. Бос лауазымға қабылдау туралы конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұстаз-ұйымдастырушы болып жұмысқа қабылданса деген ұсыныс айтты.
Сөйледі: Б.Умарова С.Мусулманкулованың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Комиссия мүшелері бағалау парағын және құжаттарын толық қарап шықтық деді. Бос лауазымға қабылдау туралы конкурстық комиссиясының шешімі бойынша дефектолог болып жұмысқа қабылданса деген ұсыныс айтты.
Комиссия мүшелері жұмысқа қабылдау туралы ұсынысқа келісетіндерін айтты.
Шешім:
- Ұстаз-ұйымдастырушы бос орнына маман қажеттілігіне байланысты С.Батымбетов 2022 жылдың 01 қыркүйегінен бастап жұмысқа қабылдансын.
- Дефектолог бос орнына маман қажеттілігіне байланысты М.Мусулманкулова 2022 жылдың 01 қыркүйегінен бастап жұмысқа қабылдансын.
Комиссия төрайымы К.Джантемирова
Комиссия мүшелері: Э.Букабаева
А. Жаинбаева
Б.Умарова
Ғ.Қойшибекова
Р.Кокуспекова
Г.Куренбаева
Комиссия хатшысы К.Махмет