"Адал Ұрпақ" Ерікті мектеп клубы » Жетісу облысы Kerbulak district Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Kerbulak district бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
+7728 96-9-53 Reception room :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Version for
visually impaired
29
December
2021

"Адал Ұрпақ" Ерікті мектеп клубы

Қарашоқы орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының

 2021-2022 оқу жылының 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


           Аудандық білім бөлімінің 02.12.2016 жылғы №395 бұйрығының негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында   мектепте іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. 5-11 сынып оқушылар арасында «Адал Ұрпақ! Ерікті мектеп клубы» құрылды. Дәлізде  үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрышы ұйымдастырылған. 

       Топ мүшелерінің ұйымдастыруымен  «Жемқорлыққа жол жоқ» 1-5 сынып білім алушылары арасында сурет көрмесі өткізіліп, қорытындысы шығарылды. Мектепте «Сенім жәшігі», «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының басшысы 10-сынып білім алушысы Д.Орынбасардың ұйымдастыруымен қараша айынан бері, білім алушыларды адалдыққа, адамгершілікке баулу мақсатында «Сенім» дүкені жұмыс жасайды. Дүкен сөресіне оқу құралдары  қойылған. Түсіндірме жұмыстарының нәтижелі жүргізілуінің арқасында дүкен жұмысы өз деңгейінде жүруде.

«Адал ұрпақ» аудандық слетінде «Құқықтық Қазақстан» әлеуметтік жобалар байқауына қатысып, жүлделі 2-орын иелендік. Білім алушылардың  адамгершілігі мен құқықтық мәдениетін жоғарлату бағытында «Адалдық сағаты» өткізілді.

         қу жылының 1-жарты жылдығы барысында мектепте мұғалімдер, білім алушылар арасында «Сыбайлас жемқорлық» фактілері анықталған жоқ.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив