Логопедиялық қызмет » Жетісу облысы Kerbulak district Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Kerbulak district бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
+7728 96-9-53 Reception room :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Version for
visually impaired
05
March
2020

Логопедиялық қызмет

Бала тілі уақытында шықсын десеңіз…
Тілі шығардан бұрын бала атаулының бәрі алғашқы бір жылды қамтитын күрделі сөйлеуалды даму кезеңінен өтеді. Баланың көңіл-күйі жарқын болып, уақытында тілі шығуына оны қоршаған ортаның, әсіресе анасының мінез-құлқы басты алғышарт болып табылады. Ғылыми зерттеулер мен бала өмірінің алғашқы жылында кездесетін даму келеңсіздіктері мынадай түйінге әкеледі: балаға деген сүйіспеншіліктің, назардың, қуанышты көңіл-күйдің болмауы оның психикалық дамуын тежеп, тілінің шығуына кедергі келтіреді. Сол себепті ересектердің бала өміріне белсенді қатысуы, оны тілі шығар кезеңде және одан кейін де жіті назарда ұстауы қажет-ақ.  
Өмірінің алғашқы апталарында құйтақандай нәрестеге жайдары, қуанышты көңіл-кhouseбілдіргенде одан жауап болмағанымен, үшінші аптадан бастап сәби үлкен адамға көз тоқтатып, күлімсірейді, дыбыстарға уілдеп жауап береді. Сәби баламен сөйлескенде асықпай, сөздерді анық айту керек, бұл баланың ересек адамның аузының қимылын қадағалап, кейін оған еліктеуіне мүмкіндік береді. Күндізгі сергек кезде сәбимен әрбір әрекетіңізді сөйлей жүріп жасауға болады, айналадағы заттардың атауларын бірнеше рет атап, қоршаған ортамен таныстыра беру керек. Мысалы, баланы серуенге киіндіріп жатып ересек адамның: «Қазір киінеміз (бұл кезде киімдер баланың алдында жайылып жатады). Бас киім қайда? Е, міне екен ғой! Қане, бас киім киейік. Бас киімнің бауы қайда? Бауы міне екен. Бас киім шешіліп қалMay, құлақты жауып тұруы үшін бауын байлаймыз. Ал айнаға қарайық. Неткен әдемі бас киім!» дегені жөн.
Баланың тілдік белсенділігі оның шат-шадыман шақтарында және қозғалыс белсенділігі кезінде көрінетінін есте сақтаңыз. Баламен ойнағанда жағымды көңіл-күйіңізді жайып салып, тақпақ, өлең айтыңыз. Оларды айтқанда алдымен баланың қолымен көрсете отырып қимылдар жасап, соңынан қарапайым қимылдарды сізге еліктеп қайталайтындай етіңіз (мәселен, саусақтарды жұдырыққа бүгу, оларды жан-жаққа сермеу, допты дөңгелету, т.б.). Содан соң санамақтарға сәйкес келетін қимылдарды жасаңыз. Саусақ және алақан ойындары тілдің дамуына жағымды ықпал етеді, Жапонияда мұндай жаттығуларды баланың екі-үш айлық кезінен бастайтыны сондықтан.
Есте сақтайтын жайт, баламен үш жасқа дейін бір ғана тілде сөйлесу керек. Әйтпесе тілі кеш шығуы немесе тұтығуы ықтимал. Біртіндеп, сөйлеуалды даму сатысында балаға жеңіл сөздерді айтқызып, оны ынталандырып отырыңыз. Мысалы, жануарлар үніне еліктету: ит құсап (ав-ав) – «аф», мысық болып (мяу) – «мя», т.б.; саз аспаптарының дыбысын келтіру: сыбызғы – (ду-ду-ду) – «дю», дабыл – (бом-бом) – «ом», т.б. Алайда балаға қай буынды айту оңай болатынын қаперге алыңыз (мысалы, «ба», «ма», «па» немесе «га», «ка», яки «ди», «ти», ни», т.б.). Сол себепті сөздерді сәбидің дара ерекшеліктеріне қарай таңдап, кез келген сөздік материалды ойын түрінде бірнеше рет қайталау керектігін ұмытпаңыз, бірақ баланы өзіңіз айтқан буындар мен сөздерді қайталауға мәжбүрлемеңіз. Одан да ойын барысында балаға сұрақ қойып, ол жауап бере алмаса, жауабын өзіңіз айтыңыз. Бұл орайда есте тұтатын мәселе, бала оңай айтатын сөздерді (мысалы, сүттің орнына «үт», орындықтың орнына – «өдөк») сізге қайталауға болMayды. Бала тіліне еліктеп, сөз дыбыстарын бұзып айтуға болMayды, бала дұрыс тілді тыңдауы тиіс.
Балаңызға және өзіңізге сәттілік тілейміз!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив