мектепішілік іс-шаралар » Страница 2 » Жетісу облысы Kerbulak district Қарашоқы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Kerbulak district бойынша білім бөлімінің
"Қарашоқы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
+7728 96-9-53 Reception room :
+7(728) 96-9-53
Директор бөлімі:+7(728) 96-9-55
Version for
visually impaired
09
December
2018

мектепішілік іс-шаралар

Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету және республикалық «Мектепке жол» акциясы 01 тамыз-30 қыркүйек аралығында өткізілді. Акция барысында аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығы және оған уақытында қолдау көрсету мен әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке келмей қалудың алдын алу үшін мектеп мұғалімдері өздеріне бекітілген шағын аудандарды аралап, рейдтер жүргізді. Рейд нәтижелерінің негізінде әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін отбасынан шыққан балаларды анықтап, тізімі жасалынды. Ауылда жеке шаруа қожалықтарының төрағалары және кәсіпкерлерге «Мектепке жол» акциясының «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен қайырымдылық марафонына қатысуға қатынас хаттар жіберіліп, көмек қолын созам деген ауыл азаматтары үшін хабарландыру ілінді. Осы хат негізінде ауыл азаматтары, мектеп мұғалімдері, ауыл әкімшілігі көмек көрсетіп, белсенділік танытты.
Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 10 оқушыға мектеп формасы, спорт киімдері берілді.
Оқушылардың әлеуметтік санаттары бойынша балалар саны нақтыланып, ауыл әкімімен келісілген тізімі жасалынды. Онда: Аз қамтылған 17 жанұяда 24 оқушы, жартылай жетім 16 жанұяда 24 оқушы, 33 толық емес жанұяда 43 оқушы, көпбалалы 56 жанұяда 151 оқушы, 13 жанұя ата-апасының қолында 17 оқушы, өгей әке-шешесімен 6 жанұяда 10 оқушы тәрбиеленуде.
Жалпыға бірдей білім беру қорының есебінен бөлінген қаржының есебінен 25 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бойынша
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары арнайы 2018 жылғы 01.09. күнгі №328-03 бұйрығына сәйкес іске асырылды.
Мектеп бойынша аудандық КТІЖБ есебіне,сәтсіз отбасы ретінде тіркелген және мектепішілік есепте тұратын оқушы жоқ. Оқушылар арасында тәртіп бұзуға бейім оқушыларды анықтау мақсатында тәрбие және педагог-психолог қызметі бойынша жүргізілген диагностика нәтижесінде «Тәуекел» тобына оқушылар алынған жоқ.
Аудандық білім бөлімінің 07 тамыздағы №332хаты негізінде «Қауіпсіз мектеп» акциясында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары бекітілді. Мектеп оқушылары арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» ұраны бойынша іс-шаралар өткізілді. 1-11 сыныптарда көшеде, жолда, үйде сонымен қатар бөгде адамдармен қауіпсіз жүру ережелерін түсіндіру бойынша «Қауіпсіздік сабақтары» өткізілді. 1-7 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік шұғыласы» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Жоспарға сәйкес «Балалар қауіпсіздігін сақтайық!» тақырыбында ата-аналар жиналысын, 5-8 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз жол» жол қозғалысының жас инспекторларының байқауын, 1-11 сынып оқушылары арасында флешмоб ұйымдастыру жоспарланды.
1 қыркүйек-Білім күніне арналған «Күмбірле, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынның іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында салтанатты жиынның мазмұны рухани жаңғыру аясында жүргізілді. «Күмбірле, күміс қоңырау!» салтанатты жиыны сағат 09-00 де мектеп алаңында өтті. Мерекелік іс-шараға Кербұлақ аудандық пошта байланыс торабының бастығы Қ.Борманбеков, ауылдық округ әкімі Д.Ақбасова, ауылдық емхананың бас дәрігері А.Ауельбекова,«Балбөбек» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі А.Байсултанова, ауыл имамы М.Тулендиев, зейнеткер ұстаздар: К.Темірбекова, К.Құрымбаева, Т.Мақытбекова, Т.Думбергенова, Ш.Омарова, М.Г.Надбережная, К.Бозымбекова ата–аналар комитетінің төрайымы Н.Ақбаева және жеке шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер қатысты. 1 қыркүйек-Білім күніне арналған 1-11 сыныптарда «Мен-өз елімнің патриотымын!»тақырыбында бірыңғай білім сабағы өткізілді.
10.09-10.10 аралығында «Ана тілің арың бұл...» тақырыбында тілдер айлығы өткізілді. Айлық барысында барысында қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі пәнінің мұғалімдері және 2-11 сыныптың сынып жетекшілері іс-шаралар өткізді.
Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша
Ұстаздарға сый-құрмет қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың 27 қыркүйек-04 қазан аралығында «Ұстаз ана» тақырыбында апталық өткізілді. Апталық барысында үлгілі тәрбие, сынып сағаттары әдеби-сазды бағдарлама, сурет көрмесі, қабырға газет байқауы, фильм (ұстаздар өмірінен, қызықты сәттер), зейнеткер ұстаздарды құрметтеу және т.б іс-шаралар ұйымдастырылып, ұстаздарға арналған қабырға газеттер, құттықтаулар және қанатты сөздер ілініп, безендірілді. Апталық барысында зейнеткер ұстаздарға көмек көрсету акциясы ұйымдастырылды.
1 қазан-қарттар күніне арналған іс-шаралар жоспары жасалып, «Қарттарым қазынам» тақырыбында апталық өткізілді. Апталық барысында: 1-11 сыныптарда «Ауылыңда қарт болса-жазулы тұрған хатпен тең» тақырыбында сынып сағаттары, 5 сыныптар арасында «Ұлағатты-ұстаз» зейнеткер ұстаздарға арналған үлгілі тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына зейнеткер ұстаздар шақырылып, арнайы ата-аналардың демеушілігімен дастархан жайылып, сый-құрмет көрсетілді.
7-11 сыныптар арасында «Қарттары бардың қазынасы бар» қабырға газет шығарылымы ұйымдастырылды. Сонымен қатар жалғыз басты қарттардың үйіне жоғары сынып оқушыларын бекіту, көмек көрсету (отын жару, су алып келу, аула тазалау, houseәктеу т.б) жұмыстары жүргізілді.05 қазан күні ауыл көлемінде өткен мерекелік іс-шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысып, өнерлерін көрсетті.
Терроризмге қарсы паспорт жасалынған. Мектепте сертификаттары бар 24 нүктеге бейне қондырғылар орнатылған. Дәлізде терроризмге қарсы стенд ілінген. Мектеп оқушыларының арасында мешіт жанындағы діни оқуға, мешітке баратын оқушылар жоқ.
Аудандық орталық мешіттің бас имамы Қ.Маратұлының қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында имам «Оқушылардың діни сауаттылығы, діннің ғылымилығы», «Ата-ананы құрметтеу» тақырыптарына кеңінен тоқталып, әңгіме-кеңес жүргізді.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Аудандық білім бөлімінің хаты негізінде Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухан жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында мектеп ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек, қазан айларында өткізілген «Таза сәрсенбі» «Таза сенбілік» күндеріне мектеп ұжымы, оқушылар қатысты. Иесіз қалған үйлердің орындары, күл-қоқыстан тазартылды.Аулада өсіп тұрған ағаштардың бұталары кесіліп, түптері тазаланды. Әр сынып өздеріне бекітілген мектеп ауласындағы жерлерді тазартты.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі
Мектеп оқушылары арасында есірткі мен басқа да зиянды заттарды қолдануды болдырмау, «Салауатты өмір салтын» насихаттау мақсатында іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. 2-11 сыныптар арасында темекі шегетін және насыбай ататын оқушыларды анықтау жұмыстары жасалынып, темекі шегушіліктің алдын алуға ақпараттық-оқыту материалдарына шолу жасалып, ақыл-кеңестер берілді. «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында мектеп медбикесі 5-11 сынып оқушылары арасында лекция оқыды. ӨҚЕ-і сабақтарында нашақорлық туралы мәліметтер айтылды. 26 қыркүйекте «Денсаулық күні» өткізілді.
Аудандық білім бөлімінің 07 қыркүйегіндегі №354 бұйрығы негізінде «Таза қол» негіздерін оқып-үйрету, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған, ішекжұқпаларын алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес «Таза қол» акциясы өткізілді. Акция барысында 1-6 сынып оқушылары арасында «Таза қол», «Қолды дұрыс жуамыз!», «Қолды жуу әдістері» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар арасында қол жуу әдістерін оқытуға арналған жоғары сынып оқушылары арасынан волонтер тартып, 1-4 сынып оқушыларына қол жууды үйрету жұмыстары жүргізілді.
Отбасы тәрбиесі бойынша мектепте ата-аналармен жұмысты жандандыру, оқушы, ата-ана, мектеп ұжымының ынтымақтастығын дамыту мақсатында әр сыныпта және жалпы мектепішілік ата-аналар комитеті құрылған. Комитеттің бір оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалынған. Жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын нығайта түсу мақсатында ата-аналар жиналысы мен д/т. тәрбиешілері 1-11 сыныптың сынып жетекшілері сынып ата-аналарымен жиналыс өткізді.
Рухани жаңғыру аясында 07-14.09 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында апталық өткізілді.1-11 сыныптарда «Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя» сынып сағаттары, 7в сыныбында «Отбасы-бақыт мекені» үлгілі тәрбие сағаты, 1 сыныптар арасында «Толағай» отбасылық спорттық жарыс өтті. 08 қыркүйек күні «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: «Өз балаңа үлгі бол!» тақырыбындағы республикалық конференция негізінде 1 сынып ата-аналарына, 09 қыркүйек күні 10-11 сынып ата-аналарына, 13-14 қазан күндері 2-4, 5-9 сынып ата-аналарына конференция ұйымдастырылды. Апталық барысында әлеуметтік санаттағы оқушылардың үйлеріне рейд жүргізіп, тұрмыс жағдайлары туралы акт жасалды.
Мектептің ішкі және сыртқы тәртібін сақтау мақсатында мұғалімдердің және 4, 6–11 сынып оқушыларының кезекшілігінің жоспары жасалып, бұйрықпен бекітілді. Әр тоқсанға жалпымектептік және ер мұғалімдердің мектеп ауласындағы кезекшілік кестесі құрылған. Жалпымектептік кезекшілік кезінде әр аптаға арнайы бұйрық шығарылып, жауапты мұғалімдер, сынып жетекшілер сыныбымен кезекшілік атқарады. Әр апта сайын әр сыныптың кезекшілік қорытындылары лездемеде шығарылып отыр. Оқу жылының басында, 30.08-02.09 және күзгі каникул күндеріне арналған оқушылар өмірінің қауіпсіздігін сақтау, олардың жарақат алуының алдын алу бойынша және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерімен дайындық тобы тәрбиеленушілері мен1-11 сынып оқушылары және ата-аналары таныстырылып, қол қойғызылып, қол хаттар алынды.
Оқушылардың сабаққа келуі күнделікті тексеріліп, бақылауда ұсталды. Ай сайын сараптама қорытындысы шығарылды. Дегенмен сабақтан жиі ауырып қалатын оқушылар бар, негізі ол сылтау ғана.Мектеп мұғалімдері кешкі сағат 20.00-23.00-ге дейін «Педагогикалық топ» мектеп директорымен бекітілген кесте бойынша кезекшілікке шығу жоспары құрылған.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Melinda
1 сентября 2019 20:16
На нашем сайте вы можете найти все про Гостиничные чеки в СПБ - купить чеки на гостиницу
Chris
7 сентября 2019 02:48
На нашем сайте вы можете найти все про отец и дочь
Robert
13 сентября 2019 03:23
На нашем сайте вы можете найти все про порно ролики
Crystal
15 сентября 2019 19:11
На нашем сайте вы можете найти все про https://annamilk.com/golye-popki
Brian
23 сентября 2019 00:12
На нашем сайте вы можете найти все про секс с толстыми
Amy
24 сентября 2019 02:59
На нашем сайте вы можете найти все про buy cc
Karen
14 октября 2019 19:13
На нашем сайте вы можете найти все про Работа онлайн
Назад 1 2 Вперед